Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты «Зейін» мюзиклінің премьерасы кейінге шегерілді
25.09.2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
«Зейін» мюзиклінің премьералық көрсетілімдері 25 және 26 қыркүйек күндеріне жоспарланған болатын.
25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты, осы күнге жоспарланған премьералық көрсетілім
3-қазанға ауыстырылады.
26 қыркүйекке жоспарланған көрсетілім өзгеріссіз өтеді.
3 қазандағы қойылымның басталу уақыты: 17:30.
25 қыркүйекке сатып алынған билеттер 3 қазандағы көрсетілімге жарамды.
Ал қойылымға келе алмайтын көрермендер билет құнын қайтару мәселесі бойынша билетті сатып алған жерге жүгіне алады.
Билеттерді қайтару бойынша сұрақтар үшін байланыс:
+7 (771) 936-53-53 (мобильді телефон, WhatsApp)
Электронды пошта: help@ticketon.kz
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз