«Қостанайлықтарға амандық тілейміз!»
06.09.2022
“Өрт - тілсіз жау” деп бекер айтпаған қазақ. Қостанайда 2 қыркүйекте басталған орман өрті кейін басқа жерлерге жайылып, жалын 43 мың гектар аумақты шарпыды. Бірнеше ауылдан 1800-дей адам эвакуацияланды, Төтенше жағдай министрлігінің күштері қызыл жалынмен әлі күнге дейін алысуда. Облыста төтенше жағдай жарияланған.
Мұндай кезде көңілге демеу болары - қиындыққа ұшыраған Қостанай халқына еліміз жұмыла кірісіп, көмектесіп жатыр. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ ұжымы да ел еңсесін басқан сын сағатта Қостанай облысында өрттен зардап шеккен отбасылар үшін арнайы есеп-шотқа бір күндік еңбекақыларын аударды. Қостанайлықтардың өртті тезірек тұншықтырып, қиындық құрсауынан шығынсыз шығуын тілейміз.
Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз