X

Қазақстандық өнерпаздар «OPEN ITALY» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

24.04.2023

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары – «T&Y» домбырашылар дуэтінің мүшелері Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз «Open Italy» аспапты орындаушылардың халықаралық музыка байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Қазақстандық өнерпаздар «Адай», «Көрөғлы», «Әлқисса» күйлері мен Олжас Сүлейменовтың «West» туындысын орындады. Қазақ өнерпаздары «Халық аспаптары» номинациясы бойынша топ жарып, халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

«Open Italy» аспапты орындаушылардың халықаралық музыка байқауы жыл сайын Италия мемлекетінің Пезаро қаласында өтеді. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен аспапшылар шақырылған. Байқауға 24 елден үміткерлер қатысты.

Іс-шара аяқталып, қорытындылар жарияланғаннан кейін міндетті түрде қазылар алқасының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізіледі. Айта кетейік, байқау аясында шеберлік сыныбы да қарастырылған.

Байқаудың негізін қалаушылар – Испанияның «Fiestalonia Milenio» фестиваль комитеті, «Ad Arte»қауымдастығы (Италия) және бас кеңсесі Лондонда орналасқан «Fiestalonia International» дарынды орындаушылардың продюсерлік орталығы.

Поделиться в соц. сетях: