X

"Қазақконцерттің" Абай облысындағы гастрольдік сапары сәтті аяқталды

15.08.2022

  Алпыс жылдан астам тарихы бар мәдениет пен өнердің қара шаңырағының қызметі биыл жаңа қарқынмен басталды. Ұйымның байырғы гастрольдік сапарларын жаңғыртатын жаңа жобаның тұсауы кесіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі моноқалаларды жан-жақты дамытуға бағытталған тапсырмаларына сәйкес, «Қазақконцерт» ұжымы 2022-2025 жылдарға арналған жоспары бойынша ел аумағындағы барлық моно-қалалардың тұрғындары үшін қолжетімді, сапалы мәдени шығармаларды ұсынуға кірісті»,- депатап көрсетті Роза Бағланова атындағы республикалық «Қазақконерт»  ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.

  ҚР президенті Қ-Ж.Тоқаев өзінің 2022 жылдың наурызындағы Қазақстан халықына жолдауында Қазақстанда  жаңадан үш облыстың ашылатыны туралы мәлімдеген болатын. Қазақстанның өнер мекемелерінің арасында еліміздің бас концерттік ұйымы жаңа Абай облысының жұртшылығын құттықтауға алғашқылардың бірі болып шықты.

  Шығармашылық ұжымның Абай облысындағы гастрольдері ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және облыстардағы  жергілікті  атқарушы органдардың қолдауымен "Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан" имидждік жобасының аясында  сәтті өтті.

  Абай күні мерекесінде "Қазақконцерттің" ұжымы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында болып, шығармашылық интеллигенцияның өкілдерімен және жаңа облыстың тұрғындарымен кездесті. Бұл шара Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы мен Абай күні құрметіне орайластырылды. Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт» БКҰ директоры А. Райымқұлова ұжым атынан Абай облысының тұрғындарын құттықтап, Абай музейіне жаңа облыс үшін арнайы Абай Құнанбаев тұтынған домбыралардың бірінің үлгісінде жасалған ерекше домбыраны сыйға тартты. Бұл үш шекті домбыраның өзгешелігі: оның шектері қойдың аш шегінен тартылған.

  "Мұндай шектерді дайындау технологиясынан баяғыда ажырап қалдық. Қазіргі кезде жас музыканттар мен зерттеушілер қазақ халқының фольклоры мен  музыкалық мұраларын кеңінен зерттеуде. Сол шоғыр өкілдерінің бірі - біздің қызметкеріміз Бабыр Арғынов бірнеше жылдан бері зерттеу жұмыстарымен айналысып, музыкалық  аспаптарға шек жасаудың әдістерін меңгерген. Қазіргі кезде Б.Арғыновтың "Qonyr"компаниясы музыкалық аспаптар даярлаумен айналысады. Шығармашылықтарына ғылыми қызметті серік еткен осындай жас мамандарымызды мақтаныш етеміз"- деп А.Райымқұлова  атап өтті.

 

Поделиться в соц. сетях: