ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕГІ «АРҚАНЫҢ ӘН-КҮЙ МҰРАСЫ» ДӘРІС-КОНЦЕРТІНЕН
13.10.2022
Қазақтың киелі қара домбырасы мен қобыз үнімен айтылатын дәстүрлі әндер легі сонау ықылым заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді. Атақты Біржан сал мен Ақан сері, Мәди, Майра Уәлиқызы, Шашубай, Тәттімбет, Тоқа Шоңманұлы ( Сайдалы Сары Тоқа), Қыздарбек, Аққыз, Манарбек сынды біртуар өнерпаздардың есімі Арқаның дәстүрлі өнер мектебімен тығыз байланысты. Заман талабына сай дәстүрлі ән өнері қазір де насихатталуда.
Концерттік іс-шараның мақсаты – Арқаның дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің дамуына атсалысу, оның ерекшелігін халыққа тереңірек түсіндіру болып табылады. Арқа өңірінің сал-серілері мен күйшілердің туындыларын концерттік ұжымның «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары орындап жүр.
Іс-шараға белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Zhangali Zhuzbai, ҚР Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құмарбек Қалқатай, Клара Төленбаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Айтбаев және Перизат Тұрарова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Айзат Қарабек, «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері Ардақ Елеусіз, Асқар Мұқият пен республикалық байқаулардың лауреаты Аман Сәдуов қатысты. Кеш соңында бүгінгі шараның көрермендері атынан жазушы Тұрсын Жұртбай мен ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан сөйлеп, өлең оқыды.
Сөйтіп, бүгінгі кеш - рухани кемелденіп, ерекше әсер алатын кеш болды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз