«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» – ҚОСТАНАЙДА
19.08.2023
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясындағы гастрольдік сапарын 15-19 тамыз күндері Қостанай облысында жалғастырды. Сондай-ақ, аталмыш іс-шара ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері Айжан Нұрмағамбетованың сахнадағы шығармашылығына 45 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, 2022 жылы «Қазақконцерт» ұжымы гастрольдік іс-сапармен жаңа облыстар Абай, Ұлытау, Жетісу және Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының елді-мекендерін аралап, өңір тұрғындарына арнайы концерт беріп қайтқан болатын. Сонымен қатар, жоба үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлерінде жалғасты. Бұл жолы «Қазақконцерттің» солистері Қостанай облысының Жангелдин ауданы Торғай ауылы, Сарыкөл ауданы, Арқалық, Қостанай және Жітіқара қалаларында өнер көрсетеді.
«ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңмен 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылады. Жалпы алғанда бұл жоба бойынша 28 аудан, 29 моноқала, 20 облыс орталығының тұрғындары қамтылатын болады.
Жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу. Жоспарға сай, ұйымның танымал әртістері мен шығармашылық ұжымдары аймақ көрермендеріне әр түрлі бағыттағы концерттік бағдарламаларды ұсынады.
Іс-шараға ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері Айжан Нұрмағамбетова, белгілі эстрадалық әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құрмаш Махан, дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрболат Арзамасұлы қатысты.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз