X

Қазақконцерт атақты «Гүлдер» ансамбліне кастинг жариялайды!

21.06.2022

«Қазақконцерт» хореографиялық оқу орындары түлектерінің арасында атақты «Гүлдер» ансамбліне кастинг жариялайды!

Кастинг талаптары:
- квалификациясы «балет артисі»;
- квалификациясы «би ансамблі артисі»;
- бойы – қыздар 165 см - 170 см аралығында, жігіттер 170 см жоғары.

Өнер көрсетуге тапсырма:
- кез келген жанрдағы хореографиялық композиция

Келесі құжаттарды аты-жөніңіз көрсетілген цифрлық тасымалдағышқа жүктеп ала келіңіз:
- түйіндеме (doc.);
- жеке би демо-бейнесі (mp4);
- фото (jpeg.): портрет (анфас, профиль, жартылай профиль);
бойыңыз толығымен көрінетін фото (балет формасымен);
бойыңыз толығымен көрінетін фото (бар болса, сахналық костюммен).

Кастинг келесі қалаларда өтеді:
*Алматы: 25 маусымда сағат 10:00, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Масанчи к, 67.

*Нұр-Сұлтан: 29 маусымда сағат 10:00, «Қазақстан» ОҚЗ, пр. Мәңгілік Ел, 10/1.

Кәсіби емес, әуесқой бишілер тәжірибелік тұрғыдан (нөмірді өте жоғары деңгейде орындаған жағдайда) қарастырылады.

Кастингке қатысып үлгермеген үміткерлер материалдарын (цифрлық файлдарды) DanceCasting деген ескертпемен келесі электронды адреске жолдауына болады:

davletov.sg.@mail.ru немесе WhatsApp +7-701-544-1236
Sadykova_anvara@mail.ru немесе WhatsApp +7-707-469-3124


Үміткерлер кастингтен өткен жағдайда, тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылады. Сонымен қатар еліміздің үздік сахналарында өнер көрсетіп, шетелдерге гастрольдік сапарларға шығу мүмкіндігі бар.

Поделиться в соц. сетях: