X

"Қазақконцерт" - Ұлытауда

27.08.2022

https://www.youtube.com/watch?v=VCM2LBohQCo    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен облыстардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ел бірлігі – жаңа Қазақстан» жобасының бастады.

«ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы 2022-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңмен іске асырылады. Жобаның діттеген мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердегі шығармашылық ұжымдар мен артистерді қолдап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

  Жоба аясында еліміздегі басты концерт ұйымының солистері 2022 жылы Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында өнерлерін көрсетіп, енді Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандары мен моноқалаларында концерттер береді. 2022 жылдың 19-27 тамызы аралығында өнер ұжымы Ұлытау облысының Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Қаражал, Сәтбаев және Жезқазған қалаларында өнер көрсетуде.

  Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаев 2022 жылдың 16 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауында «Кең-байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың  төл тарихымыздағы орны ерекше. Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар  осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда, біз  Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз»,- деп атап өтті.

    Ұлытау облысына шығатын гастрольдік концерттердің шығармашылық құрамында  «Қазақконцерттің» солистері: Қазақстанның Халық әртісі  Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Бибігүл Жанузақ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары  Азат Мәлік, Күнсұлу Түрікпен,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай,  республикалық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахметов, Дария Бекпенбетова, Райм Тныков бар.

 Еліміздің сан мыңдаған ғасырдан бастау алатын тарихымен тамырлас ұлттық өнерімізді қаиетті Ұлытау өңіріне ұлықтап насихаттау - Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы  үшін өткеніміз ғана емес, ертеңімізге жеткізер  халқымыздың баға жетпес рухани қазынасын ұлықтау.

 

Поделиться в соц. сетях: