Қазақстандық пианист Лондонды дүр сілкіндірді
10.08.2023
Белгілі пианист Әлім Бейсембаев Лондондағы Альберт Холлда өнер көрсетіп, еуропалық өнерсүйер қауымының ыстық ықыласына бөленді.
Танымал музыкант Джон Уилсон жетекшілік ететін Лондондық «Симфония» оркестрінің сүйемелдеуімен Ұлыбританияның беделді концерт залының сахнасында жергілікті көрермендерге өз өнерін паш етті.
Лидстегі Халықаралық пианистер байқауының 25 жастағы жеңімпазы Әлім Бейсембаев ауырып қалған Британдық пианист Бенджамин Гросвенорды қысқа мерзімде алмастырып, Рахманиновтың «екінші фортепиано концертін» жоғары дәрежеде орындап, еуропалық көрермендерді таң қалдырды. Талғампаз көрермен оның тамаша мансабы бар перспективалы музыкант, мінсіз техникалық шебер пианист ретіндегі ерекше талантын атап өтті.
Концерт бағдарламасында әлемдік мәдениеттің жауһарларына айналған Джон Уилсон, Сергей Рахманинов, Игорь Стравинскийдің классикалық шығармалары орындалды.
Айта кетейік, күзде еліміздің Астана мен Алматы қалаларында Әлім Бейсембаевтың жеке концерттері ұйымдастырылады.
Лидс қаласында (Ұлыбритания) өткен Халықаралық пианистер байқауының тарихындағы тұңғыш қазақстандық лауреаты, Уотерман алтын медалінің иегері, Royal College of Music магистрі, Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Ә. Бейсембаев өзінің тамаша өнерімен нағыз өнердің шекарасы жоқ екенін тағы да дәлелдеді.
«Ә. Бейсембаевта ұлы виртуоз Хорхе Боленің пианисттік мәнері, тамаша техникасы, ырғақты бақылауы және динамикалық диапазоны бар. Стравинскийдің «Жар-птица» балетінен үзіндіні асқан ыждаһаттылықпен орындап, залды дүр сілкіндірді», - деп жазады британдық «The Guardian» газетінің сайтында.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз