"Сәлем, Елорда!" ІІ Республикалық өнер шеруі - Көкше өңірінде
12.10.2021
12-14 қазан күндері Көкшетау қаласында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі өтеді.
Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы атанған Көкшетау қаласында бұл ауқымды іс-шара алғаш рет өткізілмек. Өнер шеруін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазақконцерт» ұйымының «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» ұйымдастырады.
«Сәлем, Елорда!» фестивалі аясында облыстық, қалалық, өңірлік филармониялар мен концерттік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ хореография, кітапхана ісі, арт-менеджмент, ақпарат саласы мамандары үшін үш күндік мастер-класстар өткізіледі. Ол үшін кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандар тартылды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бұл қатысушылардың тәжірибе алмасуына, өнер саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мол мүмкіндік береді.
«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі 14-қазан күні Ш.Құсайынов атындағы Қазақ драма театрының залында «Сала серпілісі – біздің бірлігімізде!» тақырыбындағы консультативтік кездесуіне ұласып, «Көкшетау» мәдениет сарайында өтетін гала-концертпен қорытындыланады. Концертте еліміздің барлық өңірінен озық орындаушылар мен үздік шығармашылық ұжымдар өнер көрсетпек.
Бұдан бұрын Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы облысында өткізіліп, дәстүрлі жобаға айналған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз