Грим жасаушы Айдос Есмағанбетовтың шеберлік сабағы
12.09.2022
Көрермен сүйсіне тамашалайтын актердің сахнадағы сұлулығын сомдайтын маманның шеберлік сағатында қойылым кейіпкерінің жас ерекшелігін ескеріп, гримді қалай жасауға болады? Өзі шымылдықтың арғы жағында жүргенімен, әр жасаған жұмысы сахнадан жарқырап тіл қатуының қандай құпиясы бар? Сахнада ең көп дегенде 2-2,5 сағат қана «өмір сүретін» гримдеушінің еңбегі көрермен көңілінде жатталып қалуының қандай кілті бар? Жас жеткіншектер кірпияз өнердің сиқырлы сырын «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында өтетін шарадан біле алады.
Одан бөлек, бұл шараға қатысушылар сөзбен суреттелген бейнені қалай жасау керек екендігін, интуитивті ойлаудың не екендігін ұғынады.
10-қыркүйек 12:00-де «Qazaqstan» орталық концерт залының камералық залында өтетін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Айдос Есмағанбетовтың балаларға арналған актерлерге грим жасау бойынша шеберлік сабағын өткізіп алмаңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз