X

«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Вашингтонда өнер көрсетеді

24.10.2023

Республика күнін мерекелеу аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы АҚШ-тың Вашингтон қаласында өнер көрсетеді.

23 қазан күні Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің шақыртуымен қазақстандық трио «FORTE TRIO» Renwick Gallery of the Smithsonian American Art Museum-да өтетін дипломатиялық өкілдіктердің кездесуінде концерт береді. Renwick Gallery - әлемдегі ең танымал мұражайларының бірі. Ұлттық тарихи мұражай Ақ Үйдің жанындағы Пенсильвания даңғылында орналасқан.

Концерт бағдарламасында қазақстандық және америкалық композиторлардың шығармалары, сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекеттік әнұрандары шырқалады. Іс-шараға АҚШ Президенті Джо Байден Әкімшілігінің өкілдері де келеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, шығармашылық ұжым 24 қазанда Вашингтон қаласындағы жеке концерт береді.

«FORTE TRIO» мемлекеттік триосын атақты пианист, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев құрды. Классикалық ансамбльге скрипканы (Мақсат Жүсіпов), виолончельді (Мұрат Нарбеков) және фортепианоны (маэстроның өзі ойнайды) біріктірген Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз музыкалық ұжым. Қазіргі уақытта музыканттардың асқан орындаушылық шеберліктерінің арқасында «FORTE TRIO» - бүкіл әлем бойынша белсенді концерт беретін ең сұранысқа ие қазақстандық камералық ансамбль. 2023 жылы әртістер бүкіл әлем бойынша турларын жалғастыруда. Атап айтқанда, қазақстандық ұжымның концерттері Францияда, Люксембургте, АҚШ-та, Италияда, Францияда, Германияда және т. б. өтеді.

Поделиться в соц. сетях: