X

«FORTE TRIO» Еуропада өнер көрсетті

09.08.2023

«FORTE TRIO» 2023 жылғы жазғы турын Испания, Португалия және Италия сынды Еуропа елдерінде жалғастырады.

Аталмыш гастроль 22 шілде күні Испанияның Каталониясында, оның ішінде Барселонаның Еуропалық қазіргі заманғы өнер мұражайында өтетін концерттен басталды. Сонымен қатар, өнер ұжымы жыл сайын ұйымдастырылатын «Оpera amb Gràcia» музыкалық фестивалінің соңғы концертіне қатысуға шақырту алған болатын. Бұл концерт 23 шілде күні Барселонаның тарихи жүрегі - Әулие Фелипе Нери шіркеуінің ескі Ораториясында өтті.

Егер Каталония мен Италияда «FORTE TRIO» алғаш рет өнер көрсетсе, Португалия – бұл ансамбльдің гастрольдік картасындағы жаңа кезең. 28, 29 және 30 шілде күндері Брага және Опорто консерваторияларының, содан кейін Лиссабондағы Ұлттық көне өнер мұражайының концерт залдарында талғампаз тыңдарман қазақстандық мәдениет майталмандарының өнерін тамашалады. Бұл концерттер, шақырушы тараптың ойынша, Португалия мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды дамыту жолындағы алғашқы қадам болуы тиіс.

Пиреней түбегіндегі турдың соңғы концерті Португалия астанасының ең беделді мұражайы және әлемдегі ең көне мұражайлардың бірі, XVI-XIX ғасырлардағы суреттер мен мүсіндердің керемет коллекциясымен ғана емес, сонымен қатар классикалық музыканың жексенбілік концерттерімен де танымал ұлттық көне өнер мұражайында ұйымдастырылды. «FORTE TRIO»  көрермендер алдында әлемдік классиканың жауһарларын да, қазақстандық композиторлардың үздік туындыларын да орындап, қошеметке бөленді.

Испания мен Португалиядан кейін қазақстандық виртуоздарды Италия жұртшылығы үлкен ықыласпен қарсы алды. Италияның Альгеро қаласында қазақтың «Япурай» әні мен Дәулеткерейдің «Көрұғлысы» және 19 ғасырдың композиторларының, танго Пьяццоллы және заманауи фильмдердің әуендері орындалды.

Поделиться в соц. сетях: