«Ел бірлігі - жаңа Қазақстан» жобасы
10.03.2023
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық ұжымы «Ел бірлігі - жаңа Қазақстан» жобасы аясында наурыздың 12-18 күндері аралығында Көрісу мейрамына орай Маңғыстау облысының Ақтау қаласы, Жаңаөзен моноқаласы, Мұнайлы, Бейнеу аудандары мен «Қаражанбас», «Қаламқас» мұнай кен орындарында, «Отпантау» тарихи-мәдени кешенінде концерттер берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, 2022 жылы «Қазақконцерт» ұжымы гастрольдік сапармен жаңа облыстар Абай, Ұлытау, Жетісудың және Шығыс Қазақстан,Түркістан, Жамбыл облыстарының елді-мекендерін аралап, өңір тұрғындарына арнайы концерт беріп қайтқан болатын.
Айта кетейік, «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңмен 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылады.
Жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу.
Гастрольдік концерттерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Айгүл Елшібаева, Раушан Оразбаева, республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Әлихан Дүйсенбай, «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Меломен» және «T&Y» тобы қатысты. Концерттерді «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртісі Жасұлан Наурызбайұлы жүргізді.
Сондай-ақ, «ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі құрылғанына 15 жыл толуына орай Атырау, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және «Отпантау» тарихи-мәдени кешенінде Көрісу мейрамына арнайы мерекелік концерт ұсынды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз