X

«ДЖАЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?» ДӘРІС-КОНЦЕРТІ

26.06.2023

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасын көрермен қауымының талғамына сай келетін жарқын музыкалық бағдарламамен жалғастыруда.

Джаз импровизациясы музыканың қарқынды қозғалыс үстінде екенін көрсетеді. Бұл сөзімізге 28 маусымда болатын SAZ & SOUL вокалдық-аспаптық ансамблінің солистерінің «Джаз деген не?» дәріс-концерті дәлел болады. Сондай-ақ, шығармашылық іс-шарада халықаралық байқаулардың лауреаттары мен «Қазақконцерттің» дарынды орындаушылары өнер көрсетеді.

Әртістердің айтуынша, жүз жылдық тарихы бар джаз көрермендерін әрқашан өзін-өзі көрсету мүмкіндігімен сүйсінтуде. Бұл музыкалық бағыт музыкалық палитраның дыбыстарында бейнеленген талғампаздық, нәзіктік және романтизммен сипатталады. Жеңіл және талғампаз әуендер адам өмірінің әртүрлі аспектілеріне әсер етеді.

Таңғажайып сезімдер мен эмоциялардың барлық спектрін білдіре алатын жанды музыканың сан қырлы ырғақтарын бізбен бірге сезініңіз.

 

Поделиться в соц. сетях: