X

«ДӘУРЕН-АЙ» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ

07.12.2022

Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы және қазақ күй өнеріне қосқан үлесі жайлы үзеңгілес достары мен замандастары естеліктерімен бөліседі. Концерттік бағдарламада қаламгердің «Сарыарқа», «Дәурен-ай» және бұрын-соңды шырқалмаған әндері орындалады. Сондай-ақ, Жанғали Жүзбай, Елмұра Жаңабергенова, Айтбек Нығызбаев, Раушан Оразбаева, Еділ Басықара, Дінисламбек Жайлаубай, Асқар Мұқият,  Біржан Айтахмет, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық және «ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді.

 

Кешке ғалым, жазушы, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, ғалым, профессор Қойшығара Салғараұлы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы Несіпбек Айтұлы, күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Шәміл Әбілтай, жазушы, драматург, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, өнер зерттеуші, әнші Серік Оспанов қатысады.

 

Айта кетейік, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 2022 жылдан бастап «Ұлылларға тағзым» жобасын бастады. Аталмыш жоба көрнекті жазушылар Мұхтар Әуезовтің 125, Ғабит Мүсіреповтің 120, талантты композиторлар Ғазиза Жұбанованың 95, Еркеғали Рахмадиевтің 90, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың 110, жезтаңдай әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерекелеріне орай ұйымдастырылып,  дәулескер күйші, композитор, дирижер, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналды.

 

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!

Поделиться в соц. сетях: