X

«ДОМБЫРА МЕН ЖЕТІГЕН ҮНДЕСТІГІ» ЛЕКЦИЯ-КОНЦЕРТІ

22.06.2023

Қазақтың музыкалық аспаптары көшпелі өмірдің әртүрлі жағдайында қолданылған. «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері «Домбыра мен жетіген үндестігі» атты лекция-концертте елордалық оқушыларға осы және басқа да жайттар туралы айтып береді. «Балалар филармониясы» жобасы аясында жүзеге асатын іс-шара өскелең ұрпақтың дәстүрлі түркі мәдениетіне деген қызығушылығын оятуға арналған.

Өнер ұжымының әртістері жас көрермендерге қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарының көне тарихы мен құрылымы туралы әңгімелеп, домбыра мен жетігеннің үйлесімді үнінің кейбір сырларын ашады және көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, арнайы балалар үшін көне күйлер мен қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал шығармалары орындалады.

Жүргізуші - «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының жетекшісі Жасұлан Наурызбайұлы.

Айта кетейік, «Балалар жылы» аясында 2022 жылдың қыркүйек айында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасын іске қосқан болатын. Аталмыш жоба биыл да жалғасын тауып, балалар үшін арнайы концерттік іс-шаралар мен лекциялар және шеберлік сабақтар ұйымдастырылады.  

 

 

 

Поделиться в соц. сетях: