X

Динадан жеткен күй-күмбір

25.04.2021

Биыл қазақ өнерінде өшпес із қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр.

Күй атасы Құрманғазының шәкірті, күй өнерінде есімі қастерлі Дина Нұрпейісова халықтың жүрегіне жеткен күйлерді шығарып, ел жадында мәңгі сақталар мол мұра қалдырды.

Киелі домбыраны өмір бойы серік етіп, қазақ музыкасын мол қазынамен байытқан күй анасы Динаның шығармашылығын ұлықтау – бүгінгі ұрпаққа парыз. Сондықтан Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай Қазақконцертке қарасты Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы «Динадан жеткен күй-күмбір» атты үлкен музыкалық челлендж ұйымдастырды.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінен бастау алған жаңа челленджді композитор Бауыржан Ақтаевтың жетекшілігімен «Астана сазы» фольклорлық ансамблі жалғастырады


«Астана сазы» мерейтойлық челленджді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовке, Атырау облысының «SARMAD» этно-фольклорлық ансамбліне және Батыс Қазақстан облысына қарасты «Арнау» фольклорлық ансамбліне жолдайды.


Поделиться в соц. сетях: