X

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ

24.10.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Димаш Құдайберген «Қазақстанның Халық әртісі» мемлекеттік наградасымен марапатталды. 

Димашты мәртебелі атағымен шын жүректен құттықтаймыз! 
Музыкада шекара мен тіл болмайтынын күллі әлемге дәлелдеген дүлділіміздің марапаты шын иесін тапқандай. Ел мақтанышы - Димаштың ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне қосып жатқан еңбегі әрқашан еленіп, қазақ өнерін асқақтатып, өнер әлемінде самғай беруіне тілектеспіз.

Поделиться в соц. сетях: