X

Қазақконцерттің үлкен сахнасында «Saz&Soul» тобының авторлық кеші өтті

10.05.2022

Ерекше музыка, жоғары сапа және ұмытылмас атмосфера!

«Saz & Soul» тобының жаңа авторлық концерті көрермендерге естен кетпес әсер сыйлады.

«Saz&soul» тобы – әртүрлі музыкалық жанрдағы композицияларды орындайтын бірегей музыкалық ұжым. Әртістер ерекше авторлық әндерді, халық шығармалары мен заманауи өлеңдердің жаңа каверлерін орындайды. Топтың көркемдік жетекшісі – композитор, мульти инструменталист Әділжан Толықпаев.

Бұл кеште көрермендер топты жаңа қырынан танып, керемет авторлық әндерді тыңдады. Музыканттар Әділжан Толықпаев, Азамат Темірбаев, Шырын Базарқұлова мен Ерлан Бекчуриннің өңдеуіндегі жаңа туындыларды орындады.

Кеш қонақтары – Жұбаныш Жексенұлы, Дастан Оразбеков, Мади Сыздықов, Али Окапов, Сангина Шарипова және Жанна Амандық.

Сапалы музыкадан музыкадан рухани ләззат алған көрермендер  «Saz&soul» тобының концертіне жоғары баға берді.

Концерттің жарқын сәттері: https://qazaqconcert.kz/album/avtorskij-vecer-gruppy-saz-soul_20220511181723

Поделиться в соц. сетях: