X

«Қазақконцерт» әртістері Қытайдың мемлекеттік үлкен театрының сахнасында өнер көрсетті

29.11.2023

Қытайдағы Қазақстан Республикасының мәдениет күні аясында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ҚХР Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қытайдың ұлттық орындаушылық өнер орталығында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымы әртістерінің концерті өтті.

Мемлекеттік іс-шараға халықаралық ареналарда ұлттық өнеріміздің абыройын асқақтатып жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Азамат Жылтыркөзов, Әлішер Кәрімов, Медет Салықов, Раушан Оразбаева, сондай-ақ Рухия Байдукенова мен «Гүлдер» және «Астана сазы» ансамбльдері қатысты.

Әртістер Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев сынды ұлы қазақ ақындары мен халық композиторларының танымал шығармаларын орындады.

Қытайдың мемлекеттік үлкен театры әртістерімзді зор ықыласпен қарсы алды. Көрермендер қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, Бейжің қаласында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, қандастар, Қытайдың мемлекеттік органдары мен шығармашылық зиялыларының өкілдері және қазақстандық студенттер бой көрсетті.

Поделиться в соц. сетях: