X

«Қазақконцерт» әртістері марапатталды

24.10.2023

Елордада мереке күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен тобы марапатталды. Азаматтарды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтап, марапаттарын табыстады.

Оның ішінде, «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Еслям Серікұлы Нұртазин «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, «Халық қазынасы» дәстүрлі өнер орталығының солисі Айзат Қарабекке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы табысталды.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ ұжымы әріптестерін марапаттарымен шын жүректен құттықтайды. Алар асуларыңыз аласармасын, құрметті әріптестер!

Поделиться в соц. сетях: