«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» ӘРТІСТЕРІ АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ
17.09.2023
«Алматыдағы Алтын күз Қазақконцертпен» атты өнер фестивалі аз ғана уақыттың ішінде көрермендердің ықыласына бөленіп үлгерді. Бұл жоба алғаш рет 2022 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан болатын. Белгілі КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған белгілі қазақстандық өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен «АЛМАТЫМ ЖҮРЕГІМДЕ» атты гала-концертке қаланың мыңдаған тұрғындары мен қонақтары қатысты. Алматы – еліміздің танымал әртістерінің шығармашылық әлеуетін ашқан қала. Бұл шара мегаполис үшін бірегей мәдени оқиғаға айналмақ.
17 қыркүйекте қала күнін мерекелеу аясында қазақстандық өнер майталмандары арналған шығармашылық қойылымдарымен бір сахнада өнер көрсетеді. Қазақ эстрадасының өнер жұлдыздары Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Айжан Нұрмағамбетова, Сүлеймен Ибрагимов, Жеңіс Ысқақова, Жазира мен Жанболат дуэті, Жанна Орынбасарова, Раим Уайс, Ербол Нариманұлы, Бибігүл Қилымхан, Перизат Омарбекова, Сая Махамбет, Еркін Ынтықбаев, Мәди Рымбаев, сонымен қатар «Меломен» және «Азия» топтары қатысады.
Кеш жүргізушілері – Марал Анарбек және Ғалым Оспанов. Тамаша әнге толы көңілді концерт күз мезгілінің нағыз сәні болмақ.
Айта кетейік, «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы Алматыдағы бірқатар мәдени серіктес ұйымдарда ауқымды мерекелік шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз