X

Қазақконцерт артистері "Біз біргеміз" акциясына қатысты

28.04.2020

Қазақконцерт артистері «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен бірге карантин кезінде мұқтаж отбасыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пакеттерін дайындауға атсалысты.

Республикалық акцияға "Қазақконцерт" МКҰ директоры Жеңіс Сейдуллаұлы және "Халық қазынасы" бөлімінің әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Ерболат Шалдыбеков қатысты. 

"Қайырымдылық - жүректің жылуын сыйлай білу деп айтады. Сондықтан, бұл - ең ұлы қасиеттің бірі. Осындай сын-сағатта қайырымдылық жасап, бірлігімізді көрсеткеніміз дұрыс деп ойлаймыз. Ынтымақ, сабырлық, шыдамдылық - біздің қанымызда бар қасиетті дүние. Мұқтаж адамдарға қайырымдылық көрсетіп, азық-түлік жеткізуді сіздер мен біздің қосылып жасап жатқанымызға қуаныштымыз. Мықты болайық, бір-бірімізге жақын болайық. Қазақша айтқанда, індеттің көбі кетіп, азы қалды. Ең бастысы, тәртіпті сақтап, мүмкіндігінше үйден шықпай, сәл шыдасақ, індетті жеңетінімізге сенемін. Жеке өзім «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде, сосын «Jas Otan» жастары жасап жатыр деген соң, жастарға үлгі көрсету үшін ұсынысты қуана қабылдадым», - деді «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттің ұйымының басшысы Жеңіс Сейдуллаұлы. 


Толық ақпарат: https://www.inform.kz/kz/marzhan-arapbaeva-adil-ahmetov-zhenis-seydullauly-azyk-tulik-paketin-azirleuge-komektesti_a3643213

Поделиться в соц. сетях: