X

Андреа Бочеллидің репертуарындағы әйгілі ариялар мен әндер

20.09.2022

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының үздік музыкалық ұжымдарының бірі. Оның құрамында қазіргі заманғы қазақстандық музыкалық өнерді халықаралық аренада насихаттап, камералық музыканың әлемдік дәстүрін жалғастырушы жоғары кәсіби музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары еңбек етуде. Оркестрдің көркемдік жетекшісі - әлемге танымал скрипкашы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсахаджаева.

Оркестрге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева дирижерлік етеді. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (сопрано), халықаралық байқаулардың лауреаты Артур Ғабдиев (тенор), Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысады.

Кеш бағдарламасында Дж.Бизенің «Кармен» операсына увертюра, Дж.Вердидің «Риголетто» операсынан Мантуя герцогінің ариясы, Дж.Пуччинидің «Тоска» операсынан ария, Дж.Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан ария, Дж.Россинидің «Сорока Воровка» операсының увертюрасы сынды әлемдік музыкалық классиканың үздік туындылары ұсынылады.

Классикалық музыканың нағыз бағалаушыларына аталмыш концерт керемет әсер қалдырары сөзсіз. Сіздерді күтеміз, құрметті достар!

Поделиться в соц. сетях: