X

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістерін қабылдады.

06.04.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, Қазақконцерт шығармашылық ұжымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясында наурыздың 12 күнінен бастап Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының 30-ға жуық елді-мекенін аралап, концерт берді. 

6-сәуір күні Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығы» концерт залында  аталмыш жобаның биылға жоспарланған қорытынды концерті өтті. Концертке Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Елмұра Жаңаберген, Медет Салық, Клара Төленбаева, Асқар Мұқият,  республикалық байқаулардың лауреаттары Әmre, Салтанат Меңдіғалиева, «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысты. 

Айта кетейік, «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңмен 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылады.    
Жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу. 

2022 жылы басталған жоба шеңберінде былтыр «Қазақконцерт» ұжымы гастрольдік сапармен жаңа облыстар Абай, Ұлытау, Жетісудың және Шығыс Қазақстан,Түркістан, Жамбыл облыстарының елді-мекендерін аралап, өңір тұрғындарына арнайы концерт беріп қайтқан болатын.

Поделиться в соц. сетях: