X

Аида Балаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды

02.09.2023

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Аида Ғалымқызын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды. Аида Ғалымқызы түрлі лауазымды қызметтерді атқара жүріп, Қазақстан мемлекетінің көркеюіне өз үлесін қосып келеді. Ол еліміздің басты жетістіктерін насихаттауға арналған күрделі міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін дарынды басшы беделіне лайық. Оның көп жылдық тәжірибесі мемлекеттік басқарудың аса маңызды идеологиялық бағыттарында мемлекеттік тәртіпті нығайту және жауапкершілік ісін арттыруға толық қызмет етуде.

А. Балаева қызметтік жолда кәсіби біліктілігімен және іскерлік қасиеттерімен ерекшеленіп жүр. Оның тамаша ұйымдастырушылық қабілеті қазақ мәдениеті мен ақпаратының дамуы жолында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдіміз. «Қазақконцерт» ұжымы барлық жылы лебіздерге қосыла отырып, заманауи қазақ мәдениетінің серпінді дамуы жолында өзара түсіністік пен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді. Аида Ғалымқызына алдағы уақытта зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, барлық бастамаларына сәттілік және жаңа жоспарларын жүзеге асыруға табыс тілейді.

Поделиться в соц. сетях: