X

Альтаир Нариманұлы Қожахметов

Директордың шығармашылық қызметі бойынша орынбасары

Альтаир Қожахметов К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатын, Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясын «Аспаптық орындаушылық: оркестрлік үрмелі және соқпалы аспаптар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мансабы:

17.01.2013-21.10.2013 ж.ж. Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі «Классика» Санкт-Петербург мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі;

01.11.2013-15.09.2018 ж.ж. Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік мәдениет

мекемесі «Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық капелласы» симфониялық оркестрінің әртісі; 

04.03.2020-01.03.2021 ж.ж. Жамбыл атындағы «Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің әртісі;

02.03.2021- 22.01.2024 ж.ж. Жамбыл атындағы «Қазақ мемлекеттік филармонисы» РМҚК мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бас әкімгері;

31.01.2024 жылдан бастап директордың шығармашылық қызметі бойынша орынбасары.