X

Ерлан Рысқали

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі

Ерлан Рысқали – белгілі дәстүрлі әнші, Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған халқымыздың Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының лауреаты.   "Халық қазынасы"  ұлттық өнер орталығының жетекшісі. 

А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Консерваторияның ассистент-стажерлығын Қазақ ССР-нің халық артисі, профессор Қайрат Байбосыновтың сыныбы бойынша өткен. Ұлыбританияда «Арт менеджер» мамандығын тәмамдаған.

 

Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы, Қазақ радиосында редактор-жүргізуші қызметтерін атқарған.