X
ЖЕТІГЕН
ЖЕТІГЕН
ЖЕТІГЕН – қазақтың көнеден келе жатқан көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы.

Фото

Aспап туралы
ЖЕТІГЕН – қазақтың көнеден келе жатқан көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Оның шығу тарихы мен даму жолдары туралы нақтылы деректер болмағанымен, шамамен б.з.д. V–IV ғғ. пайда болған көне көп ішекті аспаптардың шығу тарихымен сәйкестендіріп болжам жасауға болады. Аспаптың жасалу технологиясы: Жетігеннің құлақ бұрауы мен оған тағылатын ішектердің өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан ішектері қандай болған және қандай болуы тиіс екендігін қарастырып, талдап бірқалыпқа түсіру қажет. Аспаптың алғашқы үлгілері көне заманда өте қарапайым түрде жасалып, оның ішегі аттың қылынан тағылған болатын. Бірте-бірте ол басқа материалдармен алмастырыла бастады. Жетіген аспабының ішек түрлері: а) Аттың қылынан жасалған ішек түрлері; ә) Мал ішегінен есіп жасалған ішектері; б) Сымнан тағылған ішектер; в) Қармақ жіптен тағылған ішектер. Жетіген аспабы жайлы аңыз: «Жұрт әр түрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырайтын өткен заманда, қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының бір шеті қарияның шаңырағына да тап болады. Балалары бірінен соң бірі дүние салады, қайғы басқан қария кепкен қу ағашты ойып, аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын аспаптың бетіне жылқы жылқы қылынан бір ішек жасап тағып сазды мұңға толы жоқтау әнін салады. Осы жеті ішектен жеті түрлі әуен шығарып, әр баласының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын суреттегендей болады. Үлкен ұлы Қания қайтыс болғанда, шал «Қарағым» деген күйін шертеді. Екінші баласы Төреалымға – «Қанат сыңар», үшінші баласы Жайкелдіге «Құмарым», төртіншісі Бекенге – «От сөнер», бесінші Хауасқа – «Бақыт көшті, алтыншысы Жұлзарға – «Күн тұтылды» деген күйлерін арнайды. Қарт ең кіші баласы Қияс қайтыс болғанда ақырғы, жетінші күйін шертеді. Шалдың балаларына арнап шығарған жеті күйі одан әрі дамытылып, ел арасына «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тарап кетеді».

Поделиться в соц. сетях: