X
Жанна Сандыбаева
Жанна Сандыбаева

Фото

Әртіс туралы

Жанна Сандыбаева – эстрада әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты.

 

Білімі:

2004-2008 жж. - Ақтөбе қаласындағы музыкалық колледж (вокал бөлімі)

2008-2012 жж. - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының вокал бөлімі (ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Толқын Забированың класы)

 

Шығармашылық жетістіктері:

2007 - Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Менің елім» атты халықаралық әндер байқауының лауреаты

2007 - Кеңес одағының батыры Ә. Молдағұлованың құрметіне өткізілген патриоттық әндер байқауының I орын иегері

2008 - «Жас қанат» республикалық байқауының дипломанты

2010 - «Золотой ключ» (Ресей, Нижний Новгород) фестивалінде  өнер көрсетті.

2011 жылы Дубайда (БАӘ) өткен саммитте, 2012 жылы Брюссель (Бельгия) универсиадасында, 2015 жылы Милан (Италия) EXPO көрмесінде өнер көрсеткен.

2018 ж. - Президенттік оркестрде атқарған мінсіз еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Алғыс хатымен марапатталды.

2018 ж. - «Күзгі элегия» атты бейнебаяны жарық көрді.

2020 ж. - «Бақытым – махаббатым» атты әніне кезекті бейнебаяны шықты.

Поделиться в соц. сетях:

Видео