Аспап темірден және ағаштан жасалады. Шаңқобыз екі бөліктен тұрады. Қаңқасы және тілтемірі. Аспаптан дыбыс шығару шаңқобыздың ұзын жағын (тістік) тіске тақап, тілтемірдің ұшындағы иілген ұшын (серперін) соғу арқылы жүзеге асады. Аспап бақсылардың құралы болған. кейін қыз балалардың сүйікті аспабына айналған. Қазіргі таңда музыкалық аспап ретінде пайдаланылады.