Білімі:
2009–2013 жж. — Қазақ ұлттық өнер университеті, Дәстүрлі музыкалық өнер факультеті, «Домбыра» мамандығы;
2013 ж. — өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Шығармашылық жетістіктері:
2005 ж. — VIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясындағы «Шабыт» конкурсының II орын лауреаты (Астана қ.);
2006 ж. — Құрманғазы атындағы VI республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының II орын лауреаты (Астана қ.);
2006 ж. — М. Өскінбайұлы атындағы II республикалық күйшілер конкурсының III орын лауреаты (Ақтау қ.);
2008 ж. — I Халықаралық Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» саз фестивалі аясындағы конкурстың I орын лауреаты (Астана қ.);
2018 ж. — Джоаккино Россини атындағы XV Халықаралық музыкалық конкурсының I орын иегері (Пезаро қ., Италия).
Еңбек жолы:
2010 ж. — Астана қаласындағы «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінде оркестр әртісі қызметін бастады;
Кейін аталған ұжымда концертмейстер қызметін атқарды;
2019 жылдан — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі;
2023 жылдан бастап — «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз