X
Медет Шотабаев
Медет Шотабаев

Фото

Әртіс туралы

Медет Чотабаев – опералық әнші (тенор), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Білімі:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша тамамдады (Қазақстанның Халық әртісі Б.Жылысбаевтың сыныбы).

Рената Тибальди мен Марио дель Монако атындағы академияда оқыған (Пезаро, Италия).


 Шығармашылық жетістіктері:

2003 – Қазақстан жас орындаушыларының IV республикалық байқауының II сыйлық лауреаты;

2005 – Ұлы Абайдың 160 жылдығына арналған облыстық байқаудың бас жүлде иегері;

2006 – «Шабыт» IX халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлде иегері;

2007 –Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауының I сыйлық лауреаты;

2008 – Беньямино Джильи атындағы халықаралық байқаудың дипломанты (Порто-Реканати, Италия);

2009 – Глинка атындағы XXIII халықаралық байқаудың I сыйлығын және үздік тенор ретінде арнайы сыйлықты иеленді (Мәскеу, Ресей);

2009 – «XXІ ғасыр өнері» халықаралық байқауының бас жүлде иегері (Финляндия);

2010 – «Келешектің үздік дауыстары» халықаралық байқауының III сыйлық лауреаты (Париж,Франция);

2012 – Румыниядағы Х. Даркле атындағы халықаралық вокалистер байқауының бас жүлде иегері;

2013 – Arena di Verona қорының Х халықаралық опера әншілері байқауының жеңімпазы (Италия);

2018 – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты;

2018 – Италия Жұлдызы орденінің кавалері;

2018 – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ұлттық жобасының жеңімпазы.

Поделиться в соц. сетях: