Қылқобыз ағаштан тұтас шабылып, ішектері аттың қылынан тағылады. Шанағының төменгі жағына түйенің терісі тартылады. Ерте замандарда қобызды бақсылар қолданған. Қазіргі таңда музыкалық аспап ретінде кең тараған. Қобызбен жыр жырлап, ән сүйемелдеп, күй тартқан. Аңыз бойынша бұл аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт ата деседі.