X
Клара Төленбаева
Клара Төленбаева

Фото

Әртіс туралы

Клара Төленбаева – белгілі дәстүрлі әнші, сырнаймен ән айту дәстүрін насихаттап жүрген өнер иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Шығармашылық жетістіктері:

1998 – Ж.Елебеков атындағы Республикалық әншілер байқауының дипломанты.

2000 – «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты

2001 –Майра Уәлиқызы атындағы халықаралық әншілер байқауының Гран- при иегері.

2002 – Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық әншілер байқауының лауреаты

2005 – Кенен Әзірбаев атындағы Республикалық әншілер байқауының жеңімпазы.

2012 – Нартай Бекжанов атындағы Республикалық әнші, жыршы, термешілер сайысының жеңімпазы.

2018 –  «Құрмет» орденінің иегері.

2018 –«Сырнаймен егіз сырлы әнім» атты жеке шығармашылық концерті өтті.

2019 –  «Қайырлы кеш, Қазақстан!» атты телевизиялық жеке концерті өтті.

 

Клара Төленбаеваның ән қоржынында Арқа, Жетісу, Сыр өңірі, Батыс Қазақстан әншілік мектептерінің әндері бар. Әншінің репертуарында өткен ғасырдан бүгінге дейін жеткен нағыз өнер тарландарының Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Естай, Ғазиз, Майра, Шашубай, Тайжан ақын, Нартай, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Шәкәрім, Абай әндері орын алған.

 

Поделиться в соц. сетях:

Видео