X
«АСТАНА САЗЫ» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі
«АСТАНА САЗЫ» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі

ата-бабамыздан қалған бай мәдени мұраны сақтап, қазақ елінің төл дәстүрін терең меңгеріп, халық музыкасы арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып жүрген өнер ұжымы

Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

«Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі

«Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі – Қазақстандағы жетекші шығармашылық ұжымдардың бірі. Ансамбль дәстүрлі қазақ музыкасын орындауға маманданған және ұлттық музыкалық мұраны халықаралық деңгейде насихаттап келеді.

Репертуары мен аспаптары

Ансамбль репертуарында дәстүрлі күйлер мен халық әндерімен қатар, заманауи өңдеудегі шығармалар да орын алады. Ұжым Құрманғазы, Қазанғап, Абай және басқа да қазақ композиторларының туындыларын орындайды.

Музыканттар домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, жетіген, сырнай, дауылпаз секілді ұлттық аспаптарда, сондай-ақ бас-гитара мен шығыс және латынамерикалық перкуссия аспаптарында ойнайды. Бұл ансамбльдің шығармашылық аясын кеңейтіп, түрлі жанрдағы музыкалық туындыларды орындауға мүмкіндік береді.

Жетістіктері мен жобалары

• «Zaman» CD-дискісінің тұсаукесері (2022 ж.) – дәстүрлі қазақ музыкасын заманауи өңдеуде ұсынған аудиоальбом жарық көрді.

• Астана қаласындағы жеке концерт (2024 ж.) – «QAZAQSTAN» Орталық концерт залында дәстүрлі қазақ музыкасына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Марапаттары

• Дж. Россини атындағы халықаралық конкурстың І орын иегері (Пезаро, Италия, 2018 ж.);

• «Жұбановтар әуені» халықаралық фестивалінің І орын иегері (Ақтөбе, Қазақстан, 2019 ж.);

• «Көне Тараз күмбірі» ІІ республикалық фольклорлық ансамбльдер байқауының І орын иегері (Тараз, Қазақстан, 2021 ж.).

Поделиться в соц. сетях:

Видео