Ибраһим Амин –опера әншісі, өнертану ғылымдарының магистрі, К. Аденауэр қорының (ГФР) стипендиаты
Білімі:
2013–2017 жж. – А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, «Академиялық ән» мамандығы (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимовтың класы)
2017 ж. – Қазақ ұлттық өнер университетін «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша үздік бітірді (Башқұртстан Республикасының халық әртісі Альфия Каримованың класы)
2021–2023 жж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасы (Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Омарбаевтың класы; ғылыми жетекші – өнертану ғылымдарының кандидаты Алиби Абдинуров)
Шығармашылық жетістіктері:
Ұлттық Дельфий ойындарының алтын медаль иегері, Екатеринбургтегі (Ресей) Дельфий ойындарының қатысушысы;
Ақтөбе қаласының Мәдениет күндері аясында Дубайда (БАӘ) Қазақстан павильонында «Құсни-Қорлан» халық әнін шырқап, өнер көрсетті;
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимовтың репертуарынан құрастырылған романстар жинағының авторы (музыкалық оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құрал);
Камила Досанова, Үмітжан Жұмакова, Алиби Абдинуров, Дилә Дүйесінов сынды музыкатанушылар бірге музыкалық-теориялық еңбектерді аударып, жарыққа шығарды;
2023 ж. – Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда «Арнаймын сазды әнімді жүрегімнен» атты жеке концерті өтті (ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімекекбаев жетекшілік ететін камералық оркестр және Мәскеуден шақырылған дирижёр Асқар Бисембин)
2024 ж. – Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында Бекежанның басты партиясын орындады (Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония, бас дирижёр – Мадина Кабижанова)
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз