Еділ Басығараев –Қазанғап күйлерінің шебер орындаушысы, танымал күйші, тәжірибелі оркестр әртісі және ұстаз.
Білімі:
1987 ж. П.И.Чайковский атындағы музыкалық училище «Домбыра» мамандығы әдіскер ұстаз Тілеш Бәділовтың класы;
1993 ж. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясы «Домбыра» мамандығы әдіскер ұстаз, доцент Абдулхамит Райымбергеновтың класы.
Шығармашылық жетістіктері:
1994 ж. Қазанғаптың 140 жылдығына арналған домбырашылар сайысының жүлдегері;
1999 ж. «Шабыт» фестивалінің лауреаты;
2001 ж. «Дәстүрлі музыка» атты конкурстың лауреаты;
2004 ж. Казанғап атындағы республикалық конкурстың лауреаты;
2013 ж. «Толқында» атты нота жинағы кітабы және «Аманғосым аман бол» атты үнтаспа; ҚР еңбегін сіңірген өнер қайраткері күйші Бақыт Басығараевтың орындауындағы күйлер;
2019 ж. «Серпер Ақжелең» атты оқулық жарық көрді;
«Қазақтың мың күйі», «Дала сазы», «Астана арқауы» т.б өнер фестиваль, тұсау кесерлерінде абыроймен өнер көрсетіп келеді.
Күй қазақтың төл өнері екендігін дәлелдеу үшін Париждегі ЮНЕСКО штаб пәтеріне жіберілген бейнероликте Қазанғап мектебінің өкілі ретінде күй орындаған.
Марапаттары:
2018 ж. – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төсбелгі;
2015 ж. «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған естелік-медаль;
2020 ж. - «Құрманғазы» төсбелгісі;
2022 ж. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз