X
ДОМБЫРА
ДОМБЫРА
ДОМБЫРА – ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра – ішекті аспаптардың ең көне түрі.

Фото

Aспап туралы
ДОМБЫРА – ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра – ішекті аспаптардың ең көне түрі. ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Домбыра – екі ішекті шертпелі аспап, бірнеше бөліктен тұрады. Олар: басы (алақан деп те аталады) құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, тиек (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек) және ішектер. Домбыраның бөліктеріне келетін болсақ, бұлардың да өзіне тән жеке атаулары болған. Мәселен, домбырады үш тиек болады; біріншісі – ішек бекітілетін, шанақтың түбіне орналасқан «өкше тиек» («кепіл», «түйме» деген қосалқы аттары бар). Екіншісі – шанақтың үстінде тұрып, ары-бері жылжытылатын негізгі тиек жай ғана «тиек». Үшіншісі – мойын мен құлақтың ортасында тұрған «табалдырық тиек» («шайтан тиек» деп те аталады). Домбыра аспабы жайлы аңыз: Осыдан көп уақыт бұрын домбыра төрт ішекті болған еді... Ол әлемге Шыңғысхан деген атпен танылып, көптеген түркі халықтарын басып алып, бір орталыққа біріктірген Темучин ханның билік құрған заманы болатын. Шыңғысханның бірінші жары Бөртеден туған Жошы атты ұлы болды. Жошы хан да әкесімен Орта Азияны жаулауға қатысып, ерлігімен танылған қолбасшы болды. Шыңғысханның қатыгез болғандығы соншалық одан жаулары ғана емес, қол астындағылары да қорқатын еді. Ол заманда көшпенділер жаулап алушылық өмір салтын ұстанатын, яғни өзге халықтардың жерлерін басып алу арқылы өз территорияларын кеңейтіп отыратын. Соғыстан бос уақытта олар мал шаруашылығымен, аң аулаумен айналысатын. Аң аулауды Шыңғысханның балалары да өздеріне ермек еткенді жақсы көретін. Күндердің бір күнінде Шыңғысханның сүйікті ұлы – Жошы аңшылықтан оралмай қалады. Сөйтіп хан хабаршыларды жіберіп, баласын тауып келуді немесе ол жайлы қандай да бір хабар әкелуді бұйырады. Ол заманда түркілер мен моңғолдарда мынадай заң болатын: жақсы «қызыл» хабарға – қомақты сый беру, жаман «қара» хабарға – тиісінше ауыр жаза беру деген. Жошының мерт болғанын білген хабаршылар, бұл жайтты ханға айтудан қатты қорқады. Ал Шыңғысхан болса, бұл кезде «Балама қатысты қандай да бір хабар әкеліңдер» деп шарқ ұрады. Алайда бәрі бекер болатын, хабаршылар қаза жайлы ханға айтпаймыз деп бекінеді. Сол кезде ханға қарт ақын келеді. Ол көпті көрген, өлімнен қорықпайтын еді. Ханға келіп, иілген күйі «О, ұлы хан, сенің әділеттілігіңе шек жоқ. Менің домбырамды тыңда, сол кезде ұлыңның тағдыры туралы бар жайтты білетін боласың» дейді. Күй ойналған уақытта, Жошының құлан аулауға шыққандығы, көп құланның бірін атқандығы, алайда жараланған құланның ашуға булығып Жошыны теуіп мерт қылғандығы жайлы хабар төгіліп жатты. Домбыраның күйі ұзақ уақыт ойнап, Шыңғысханның да көз жасы көл болды. Бір уақытта хан домбыраны жазалаңдар деп бұйрық беріп, домбыраға қайнап тұрған қорғасын құйылды. Домбыраның үні сарнап кетті, шыдамаған екі ішегі үзіліп, қорғасын құйылған жерінен дыбыс ойығы пайда болды деседі. Сол кезден бастап домбыраның екі ішегі ғана қалған, десе де ол әлі күнге дейін күмбірлеген дыбыс жоғалтпады. Домбыра жайлы көптеген аңыздар бар. Бұл аңыз солардың тек бірі ғана... Мемориалдық музыкалық аспаптар залында қазақ музыка тарихында «Алтын ғасыр» аталатын ХІХ-ХХ ғғ. өмір сүрген шоқтығы биік қазақтың әнші-жыршылары мен күйші-композиторларының қолданған аспаптары қойылған.

Поделиться в соц. сетях:

Видео