X
Димаш
Димаш Құдайберген

әлемге танымал эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі

Фото

Әртіс туралы

    Димаш Құдайберген – әлемге танымал эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі. Димаш Құдайбергеннің Қытай, Беларусь, Франция, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Латвия, БАӘ елдерінде жеке концерттері өтті. Өнердегі зор жетістіктері үшін ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанған.

 

    Білімі: 

•    2010-2014 жж. – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, «Ән салу» мамандығы;

•    2014-2017 жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті, «Эстрадалық өнер» мамандығы.

    

    Шығармашылық жетістіктері: 

2000 – «Айналайын» республикалық балалар байқауының «Фортепиано» номинациясы бойынша 1 орын;

2010  – «Звонкие голоса Байконура» вокал шығармашылығының XV жергілікті байқауында 1 сыйлық (Байқоңыр қ., Қазақстан);

2012  – «Жас Қанат» XXI Республикалық жастар орындаушыларының байқауында бас жүлде (Астана қ., Қазақстан);

2012  –  VIII Халықаралық телефизиялық «Восточный базар» эстрадалық орындаушылар байқауының 1 сыйлығы (Ялта қ., Украина);  

2013  – «Мейкин Азия» І Халықаралық Ыстықкөл фестивалінің бас жүлде иегері (Ыстықкөл, Қырғызстан);

2014  – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы;

2015  – «Славянский базар – 2015» XXIV Халықаралық эстрадалық әндер орындаушылары байқауының бас жұлде иегері (Витебск қ., Белоруссия);

2015  – «ABU TV Song» Халықаралық ән фестивалінің қатысушысы  (Стамбул қ., Түркия); 

2015  – «Қазақстан халықтары бірлігінің нығаюына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасы;

2016  – «Выбор года 2016» Халық сүйіктісі байқауының «Эстраданың ең үздік әншісі» номинациясы; 

2016  – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері; 

2017  – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты;

2017  –  ERC Chinese Top Ten Awards 24-маусымының «Азияның ең үздік атақты әншісі» номинациясының сыйлығы (Most Popular Asian Singer) (Шанхай қ., Қытай);

2017  – 17th Top Chinese Music Awards «Ең үздік шетелдік артист» номинациясы бойынша сыйлығы (Шэньчжэнь қ., Гуандун, Қытай);

2017  – «Singer» байқауында екінші орын (Чанша қ., Хунань, Қытай);

2017  – «The Battle of Memories» саундтрекі Қытай Бірінші CCTV телеканалында жыл әні деп танылды, Top Global Chinese Music марапаты табысталды;

2017  – «ОК!» журналы бойынша «Жылдың ең атақты әншісі» (Қытай);

2017  – «Ең атақты шетелдік әнші» номинациясы бойынша Asian Music Gala MTV сыйлығының жеңімпазы (Гуанчжоу қ., Қытай);

2017  – «Ең үздік шетелдік әнші» номинациясы бойынша MTV Global Chinese Music Awards сыйлығының жеңімпазы ( Шэньчжэнь қ., Қытай);

2017  – «Менің сүйікті орындаушым» номинациясы бойынша Chinese Golden Melody Awards сыйлығының жеңімпазы (Гонконг, Қытай);

2017  – Fresh Asia Music Festival «Жылдың ең үздік шетелдік тұлғасы» номинациясының жеңімпазы (Пекин қ., Қытай);

2017  – «Астана дауысы-2017» халықаралық музыкалық фестиваль жеңімпазы;

2017  – «Hollywood Music in Media Awards» салтанатының марапаттауында Томас Париш композиторының «Ocean over the Time» әніне «Best Original Song of Video Game» номинациясының жеңімпазы (Лос Анджелес қ., Калифорния, США); 

2017  – «Times Awaken Fashion Night Gala» марапаттау рәсімінде «Инновациялық уақыт көшбасшысы» сыйлығы (Пекин қ., Қытай);

2017  – «Эстрада» номинациясы бойынша «Астана дарыны 2017» сыйлығы (Астана қ., Қазақстан);

2017  – Қазақстан ардагерлері қауымдастығының Бауыржан Момышұлы атындағы медаль (Астана қ., Қазақстан);

2017  – Жылдың ең үздік атақты әншісі ретінде «IQIYI Awards» сыйлығы (Қытай);

2017  – «Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Жыл таңдауы» сыйлығы (Алматы қ., Қазақстан);

2017 – Beauty Touching At Chinese» салтанатының «Серпінді шеберлік үшін» сыйлығы (Қытай);

2017  – Golden «Mango Melody Awards» салтанатының «Жылдың ең үздік шетелдік әншісі» марапаты (Қытай);

2017  –  «Қазақ үні» газеті және Qazaquni.kz ұлттық порталының есебі бойынша «Жыл адамы – 2017», «Жыл әншісі – 2017» (Қазақстан);

2018  – «Weibo Awards 2018» марапаттау салтанатында «Музыкадағы жаңа күш» сыйлығы (Қытай);

2018  – «Global Golden chart Awards» марапаттау салтанатында «Үздік артист» сыйлығы (Қытай);

2018  –  «Top Global Chinese Music Awards» марапаттау салтанатында «Жылдың ең үздік шетелдік әншісі» марапаты (Қытай);

2019  –  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

2019 - "Виктория" атты Ресей ұлттық премиясының иегері

2020 - "Жылдың үздік әншісі" номинациясы бойынша «JSTYLE 2019 Awards» сыйлығының иегері

 

 

 Репертуар:

 

•    «Еркелетейін» (әні: Н. Нәсіп, сөзі: Қ. Айтбаев);

•    «Жұлдызым» (әні: Ұ. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);

•    «Махаббат бер маған» (әні: А.Бажанова, сөзі: М. Баймолда);

•    «Астана вальсі» (әні: Қ. Айтбаев, сөзі: Е. Ашықбаев);

•    «Сәлем» (әні: Қ. Айтбаев, сөзі:Д. Құдайберген);

•    «Дайдидау»  (халық әні);

•    «Қараторғай»  (халық әні);

•    «Сағындым сені» (әні мен сөзі Қ. Айтбаев);

•    «All by myself» (әні мен сөзі:Э. Кармен);

•    «Show Must go on» (әні: Queen, сөзі:Б. Мәй);

•    «Опять метель» (әні: К. Меладзе, сөзі: Д. Поллиева);

•    «Қарағым-ай» (әні: К. Дүйсекеев, сөзі: Ш. Сариев);

•    «Ария Дивы Плавалагуна» (авторы Гоэтано Доницетти);

•    «Қазақстаным» (әні: Л. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);

•    «Ұмытылмас күн» (әні: Д. Құдайберген, сөзі: О. Байсеңгір);

•    «Ақ тілек» (әні мен сөзі: Қ.Айтбаев);

•    «Көркемім»  (әні: Д. Құдайберген, сөзі: Қ. Айтбаев);

•    «Ой жайлау» (халық әні);

•    «Сөз соңы» (әні: Д. Құдайберген, сөзі: О. Қынбаев);

•    «Тәтті елес»  (әні: Д. Құдайберген, сөзі: С. Әбенов);

•    «Лейла»  (әні: Л. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);

•    «Кім екен?» (әні: Л. Жолдасов, сөзі: А. Дүйсенбі);

•    «Аққуым» (әні: А. Мәжікбаев, сөзі: О. Байсеңгір);

•    «SOS d'un terrien en détresse» (авторы Д.Балавуан);

•    «Джамайка» (авторы Р.Лоретти);

•    «Uptown Funk»  (авторлары: J. Bhasker; M.Ronson; B. Mars; Ph. Lawrence);

•    «Adagio» (авторы А. Альбинони);

•    «Screaming» (авторы Muhgal);

•    «The Memory Not Taken Away» (拿不走的记忆) (сөзі: Y.Ruolong, әні: S.Bingyang);

•    «The Ocean Over Time» (时光沧海) (авторы: Th.Parisch).

 

Поделиться в соц. сетях:

Видео