ДАҢҒЫРА – қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспабы. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет-ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.
Даңғыраның ұлттық ағайындас түрі көптеген халықтарда болған. Мысалы, чуваштар өздерінің мұндай аспабын – хангрма, алтайлықтар мен қалмақтар – дунгурма, қырғыздар мен тувалықтар – дунгур, өзбектер – дойра, ұйғырлар – дап деп атаған.