Бибігүл Жанұзақ – опералық әнші (сопрано), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Білімі:
- 1997-2001 жж. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі (ҚР Еңбек сіңірген қайраткері К.А.Акдаулетованың сыныбы);
- 2002-2007 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті (кл. доцент Р.Р.Тленчиеваның сыныбы)
- 2010 ж. Fondazione PERGOLESI SPONTITNT (Иези қаласы, Италия)
ACCADEMIA Teatro alla Skala, Миреллы Френнидің шеберлік классы (Милан қаласы, Италия).
2018 ж. LISZT ACADEMY EVA MARTON OPERASTUDIO, профессор Emer.Ks. Eva Marrton шеберлік классы (Венгрия, Будапешт қаласы)
Шығармашылық жетістіктері:
2001 – Жас орындаушылар арасындағы XII Республикалық байқауының лауреаты, Астана қ.;
2004 – Ғ.Жұбанова атындағы республикалық байқаудың І жүлделі лауреаты, Астана қ.;
2005 – романс орындаушылары арасында өткен «Романсиада» халықаралық байқауының II жүлделі лауреаты, Шымкент қ.
2007 – «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің І жүлделі лауреаты, Астана қаласы;
2008 – Н. Сабитов атындағы VII халықаралық вокалистер байқауының лауреаты Уфа қ., Ресей;
2009 – Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық байқаудың Гран-при иегері, Шымкент қ.;
2010 – Ф.Шаляпин атындағы «Голос над Плесом» І халықаралық байқаудың дипломанты, Плес қ. Ресей;
2011 – Н.Тілендиев атындағы ІІ «Өз елім» фестивалінің Гран-при иегері, Астана қаласы;
2011 – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Б. Төлегенова атындағы V халықаралық байқауының І жүлделі лауреаты, Астана қ.;
2012 – М. Биешу атындағы І халықаралық вокалистер байқауының дипломанты және М. Биешу атындағы арнайы жүлдесінің иегері, Кишинев қ., Молдова.
Репертуар
Опера ариялары:
1. П.И.Чайковский, «Иоланта» операсынан Иоланта партиясы;
2. С.Рахманинов, «Алеко» операсынан Земфира партиясы;
3. Э.Григ, «Пер Гюнт» драмасының музыкасынан Сольвейг партиясы;
4. Л.В.Бетховен, Симфония №9 сопрано партиясы;
5. Е.Брусиловский, «Қыз Жібек» операсынан Қыз Жібек, Қарлығаш партиялары
6. Е.Рахмадиев, «Қамар сұлу» операсынан Қамар партиясы
7. Б.Кыдырбек, «Қалқаман – Мамыр» операсынан Мамыр партиясы
8. А.Жұбанов-М.Төлебаев, «Абай» операсынан Ажар партиясы
9. М.Төлебаев, «Біржан-Сара» операсынан Сара, Алтынай партиялары
10. Ж.Массне, «Жас Вертер» операсынан София партиясы
11. Дж.Пуччини, «Богема» операсынан Мими партиясы
12. Дж.Пуччини, «Манон Леско» операсынан Манон партиясы
13. В.А.Моцарт, «Фигароның үйлену тойы» операсынан Барбарина партиясы
14. П.И.Чайковский, «Евгений Онегин» операсынан Татьяна партиясы
15. Дж.Пуччини, «Турандот» операсынан Лиу партиясы
16. Ж.Бизе, «Кармен» операсынан Мерседес және Микаэла партиялары
17. Дж.Пуччини, «Мадам Баттерфляй» операсынан Мадам Баттерфляй партиясы
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз