X
Азат Мәлік
Азат Мәлік

Фото

Әртіс туралы

Азат Мәлік – опералық әнші (баритон), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты, Венгрияның Ұлттық опера театрының шақырылған солисі.

 

Білімі:

- 2012-2016 – Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.К.Желтыргузовтың сыныбы).

- 2013 –Santa Cecilia консерваториясында профессор Карло Дезидеридің сыныбында тағылымдамадан өтті (Рим, Италия).

- Милан университетінің профессоры, «Giacosa di Ivrea» театрының көркемдік жетекшісі, қоюшы-режиссері Paolo Bosisio өткізген «Опералық драматургия: тарихы мен ерекшеліктері» «Giuseppe Verdi опералық кейіпкерлерінің интерпретациясы» шеберлік класстарына қатысты.

- Өнертану ғылымдарының магистрі;  

- Ференц Лист атындағы Венгрия ұлттық академиясының магистранты (профессор Ева Мартон).


Шығармашылық жетістіктері:

2009 –Жастар арасындағы V Дельфий ойындарында III премия;

2011 – XXXII Республикалық жас орындаушылар байқауында – I премия;

2012 – XV Халықаралық  «Шабыт» фестивалі – Гран-при;

2013 – Мария Биешу атындағы халықаралық опера әншілерінің байқауы – ІІ премия;

2014 – Бибігүл Төлегенова атындағы  VII халықаралық байқаудың лауреаты - II премия;

2015 – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты;

2016 – EVA MARTON атындағы II Халықаралық опера әншілері арасындағы байқау – арнайы сыйлықтардың иегері (Будапешт, Венгрия);

2016 – Н.А. Римский-Корсаков атындағы халықаралық опера әншілері арасындағы байқаудың дипломанты (Санкт – Петербург, Ресей);

2016 – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;

2017 – Мұқан Төлебаев атындағы опералық әншілер байқауында гран-при.

2019 – Н.Тілендиев атындағы халықаралық фестивальде гран-при иегері атанды.

 

Италия (Турин - Teatro Alfieri, Милан – Auditorium di Milano, Рим – Auditorium Conciliazione, Флоренция – Teatro Verdi); Германия (Берлин – Berliner Philharmonie); Австрия (Вена), Түркия (Анкара, Стамбул), Словения (Марибор), Сербия (Белград); Венгрия (Hungarian State Opera House); Ресей (Санкт-Петербург, Мариин театры) елдерінде өнер көрсетті.


Қойылымдар:

2019 –Ж.Бизенің «Кармен» операсы (Ференц Листтің музыкалық академиясы және Венгрия ұлттық опера театры).

2019 –А.Понкьеллидің «Джоконда» операсы (Венгрия ұлттық опера театры).

2019– В.Моцарттың «Титтің қайырымдылығы» және «Идоменей» опералары (Ференц Листтің музыкалық  академиясы).

Поделиться в соц. сетях:

Видео