белгілі опера әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Тұңғыш Президентi- Елбасы қоры сыйлығының иегері, Еуропа Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Азамат Жылтыркөзов – белгілі опера әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Тұңғыш Президентi- Елбасы қоры сыйлығының иегері, Еуропа Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Азамат Жылтыркөзов өзі негізін қалаған «Вокал академиясы» РҚБ төрағасы болып табылады.
Білімі:
2001-2005 жж. – ҚазҰМА мектеп-колледжі
2005-2009 жж. – ҚазҰӨУ бакалавриаты
2013-2015 жж. – Комитас атындағы Ереван мемлекеттік консерваториясының магистратурасы (Ереван, Армения Республикасы)
Шығармашылық жетістіктері:
2005 – XXVI Республикалық жас орындаушылар байқауы – I премия (Шымкент)
2005 – VIII Халықаралық «Очарование романса» байқауы – II премия (Шымкент)
2005 – К. Байсеитова атындағы VIII Республикалық әншілер байқауы– «Тілеп» және «Үміт» арнайы сыйлықтары (Астана қаласы)
2005 – Ғ. Жұбанова атындағы I Аймақаралық байқау– II премия (Астана)
2006 – I Халықаралық «Жұбанов көктемі» байқауы – II премия (Ақтөбе)
2006 – ТМД елдері арасындағы жастардың IV дельфий ойындары – алтын медаль (Астана)
2006 – IX Халықаралық «Шабыт» байқауы – I премия (Астана)
2007 – С. Монюшко атындағы VI Халықаралық байқау– Польша музыкалық академиясының арнайы сыйлығы (Варшава қаласы, Польша)
2008 – П. Лисициан атындағы I Халықаралық баритондар байқауы –
диплом және «Бастау» сыйлығы (Мәскеу қ., Ресей)
2008 – Н.Тілендиев атындағы I Халықаралық байқау – Гран-при, Астана қ. әкімдігінің сыйлығы (Астана қаласы)
2008 – XXIII Халықаралық «Жас таланттар» байқауы – I премия (Сан-Барталамео қ., Италия)
2008 – «Золотой дуб» халықаралық байқауы– IV премия (Италия)
2008 – Н. Сабитов атындағы VII Халықаралық байқау–II премия (Уфа қ., Ресей)
2009 – Мирьям Хелин атындағы VI Халықаралық байқау – IV премия (Хельсинки қ., Финляндия)
2010 – Б. Төлегенова атындағы IV Халықаралық байқау – Гран-при (Алматы қаласы)
2010 – А.В. Нежданова атындағы I Халықаралық байқау – I премия (Одесса қ., Украина)
2010 – Бюль-Бюль атындағыV Халықаралық байқау – Гран-при (Баку қ., Әзербайжан)
2010 – ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
2011 – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері
2012 – Мария Биешу атындағы Халықаралық опералық әншілер байқауы – I премия (Кишинев қ., Молдова)
2014 – Г. Свиридов атындағы V Халықаралық камералық әншілер байқауы– I премия және арнайы сыйлық (Курск қ., Ресей)
2015 – Рустем Яхин атындағы IV Халықаралық камералық әншілер мен концертмейстерлер байқауы – I премия (Қазан қ., Ресей)
2015 – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан Құрмет грамотасы
2016 – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты
2016 – ТМД елдері арасында «Содружество дебютов» Халықаралық сыйлығының лауреаты (Бішкек, Қырғызстан Республикасы)
2016 – ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комитетінің ассоциациялық профессоры
2017 – А. Хачатурян атындағы XIII Халықаралық әншілер байқауы – II премия және арнайы сыйлықтар (Ереван қ., Армения Республикасы)
2018 – Дж. Россинидің 150 жылдығына арналған XV Халықаралық «Citta di Pesaro» байқауы – I премия (Пезаро қ., Италия)
2018 – Еуропа Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (Ганновер қ., Германия);
2023 ж. Классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығы.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз