Білімі:
1996–2003 жылдары Газалкент қаласындағы П. И. Чайковский атындағы балалар музыка мектебінде фортепиано сыныбы бойынша білім алған.
2005–2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан музыка колледжін «Академиялық вокал» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009–2014 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша білім алған.
Шығармашылық жетістіктері:
2008 ж. – А. Бейсеуов атындағы байқаудың Гран-при иегері (Алматы қ.).
2009 ж. – «Арай» байқауының II орын иегері (Шымкент қ.).
2009 ж. – Кеңес Дүйсекеев атындағы байқаудың III орын иегері (Қызылорда қ.).
2010 ж. – «Аваза-2010» халықаралық байқауының I орын иегері (Түрікменстан).
2011 ж. – Шәмші Қалдаяқов атындағы байқаудың Гран-при иегері.
2018 ж. – Грекиядағы халықаралық «Амфиопия» фестивалінің қатысушысы.
Репертуары
Әншінің репертуарында қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары, халық әндері, патриоттық туындылар және әлемдік эстрада әндері бар. 15-тен астам тілде, оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын, итальян, испан, түрік, өзбек, араб және француз тілдерінде ән орындайды. 40-тан астам авторлық әннің авторы және 5-тен астам кәсіби бейнебаянның иесі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз