X
Ақерке
Ақерке Тәжібаева

Фото

Әртіс туралы

Ақерке Тәжібаева – белгілі қобызшы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. «Мәңгілік қобыз сарыны», «Төгіліп  сарын қобыздан...», «Аралап қобыз үні кең әлемді...»  атты бірнеше жеке шығармашылық концерттерін өткізген. 2008 жылы қобыз күйлері мен Қазақстан композиторларының  туындылары орындалған «Көктем» атты аспапты үнтаспасы жарыққа шыққан. "Сезім", "Менің әлемім" атты аспапты шығармаларына бейнебаяндар түсірілген.

 

    Білімі:

2005-2009 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 

2009-2011ж.ж Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында "Өнертану магистрі" академиялық дәрежесін алды.

    

Шығармашылық жетістіктері:

2000  -  Халықаралық «Азия Даусы» фестивалінің лауреаты, 

2001 - Түркияда өткен халықаралық «Dede Korkut» фестивалінің лауреаты; 

Гүлнафиз Баязитова атындағы І қалалық конкурс-фестивалінің дипломанты;

2002 -  Литва мемлекетінің Каунас қаласында өткен халықаралық конкурстың ІІІ дәрежелі лауреаты;

2003  -  Түркия елінің Сафранболу қаласында өткен «Altin Safran» халықаралық фестивалінің лауреаты; 

«Жас даурен» телевизиялық конкурстың І дәрежелі лауреаты;

2004  -  XXV Республикалық жас орындаушылар конкурсының «Қылқобыз» номинациясы бойынша II дәрежелі лауреаты; 

-ТМД мемлекеттерінің жастары арасында өткен II «Дельфий ойындары» фестивалінің дипломанты (Кишинев, Молдова); 

-Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы II Республикалық  халық аспаптарда орындаушылар конкурсының II дәрежелі лауреаты; 

2005  - «Асыл Мұра» дәстүрлі күй орындаушылар байқауында II дәрежелі диплом; 

2006  - Құрманғазы атындағы VI Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауында «Тілеп Аспантайұлы» атындағы арнайы сыйлық; 

2007  -  Республикалық «Ана тілі аруы - 2007» байқауының III дәрежелі жүлдегері. 

2008  - «Құрманғазы» атындағы VІІ республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының ІІІ дәрежелі жүлдегері. 

Тараз қаласында өткен «Ықылас» атындағы І Республикалық қобызшылар байқауының ІІІ дәрежелі жүлдегері. 

2009  - Музыка өнері саласындағы «Бабалардан қалған асыл мұра – қыл қобыз» шығармашылық жобасы үшін ҚР Тұңғыш Президентінің қоры грантының иегері. 

2010 - Тахир Ибрагимовтың еске алу кешіне арналған I-ші Халықаралық джаз фестиваліне мемлекеттік Projazz ансамілінің сүйемелдеуімен жеке өнер көрсетті.

-Түркия елінің Сивас қаласында өткен «5». Uluslararası. Sivas aşıklar» халықаралық фестиваліне қатысып лауреат атанды.

2011  - Түркістан қаласының Мәдениет Сарайында «Мәңгілік қобыз сарыны» атты жеке  концерті.

- Түркия елінің Дүзичі/Османие қаласында өткен халықаралық «Uluslar arasi 14. Altın saz ödülü Karacaoğlan  aşiklar » фестиваліне қатысып лауреат атанды.

2012  - Америка құрама штатының Техас штаты Хюстон қаласында өткен «Silk Road» халықаралық фестиваліне қатысып, Техас штатының «Құрметті азаматы» атағын алды.

2013  -  Испания Корольдігінің Мадрид қаласында өткет халықаралық  «Fitur» туризм көрмесінде өз өнерін көрсетті.

2014  - Германия, Швецария, Ресей, Қытай, Грекия елдерінде өнер көрсетті.

- Швейцарияда өткен «Progetto Martha Argerich» атты халықаралық фестиваліне қатысты.

-Татарстан Республикасының  Ғабдулла Тукай атындағы Татар мемлекеттік филармониясында  өткен «Түрік әлемі өнерінің шеберлері» атты концертіне еліміздің атынан қатысты (Татарстан, Қазан қ).

- Санкт-Петербург және Лининград облысындағы "Атамекен" қазақстандық қоғамының 25 жылдығы және «Достар» Қазақ қоғамдастығы жастар қанатының  7 жылдық мерей тойына арналған концетте өз өнерін паш етті (Ресей, Санкт-Петербург қ).

2015 -  Францияның астанасы Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде халықаралық наурыз мерекесіне орай өткен мерекелік концертте өз өнерін көрсетті.

-Үндістанның Бангалор қаласында  Халықаралық Туризм көрмесінің аясында өткен концерттік бағдарламада өз өнерін көрсетті).

-Алматы қаласында велончельші Салауат Карибаевпен бірге  «Музыкальный вернисаж» атты шығармашылық кешін өткізді).

2016  - АҚШ Нью Йорк қаласындағы БҰҰ штаб пəтерінде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концертте өнер көрсетті.

- Кореяда өткен «Turkic Culture Festival» фестиваліне қатысты.

- Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында түркі тілдес елдердің өнерпаздары бас қосқан «Мелодия друзей» («Достар әуені») атты концертте  ҚР Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен жеке өнер көрсетті.

2017 - Италияның Лекко және Эзино-Ларио қалаларында өткен концерттерде  өз өнерін көрсетті.

2018 - «Шабыт» Республикалық байқауында әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде төрешілік етті.

– Түркияның Анкара Этимескутта өткен  «Uluslararasi Anadolu Gunleri Kultur ve Sanat Festivali» фестивалінде Қазақстан атынан өз өнерін көрсетіп, Бигадич қаласында өткен концертке қатысты.

-Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте өткен «Voces y Sonidos: Herencia Cultural Turquica en Argentina» атты концертке Қазақстан атынан қатысып, өз өнерін көрсетті.

-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Монако Княздігінде өткен концертте елді өнерімен тәнті етті (Монако, Монте-Карло қ).

2019 – Түркия, Бельгия, Германия елдерінде   «Turksoy» халықаралық ұйымы ұйымдастырған халықаралық концертте Қазақстанның атынан өнер көрсетті.

–АҚШ-тың астанасы Вашингтонда мен Канаданың астанасы Оттаваға ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған концертте өз өнерін көрсетті.

 

    Репертуар

Күйлер:

1.    Халық күйі «Аққу»

2.    Халық күйі «Мұңлық-зарлық»

3.    Қорқыт  «Қоңыр»

4.    Ықылас  «Қазан»

5.    Ықылас  «Жез киік»

6.    Ықылас  «Кертолғау»

7.    Ықылас  «Қамбар батыр»

8.    Ықылас  «Ерден»

9.    Көзбен  «Сарын»

10.    Ықылас  «Айрауықтың ащы күйі»

11.    Абыз - «Толғау»

12.    Әбікей - «Жалғыз аяқ»

13.    Тәттімбет - «Бес төре»

14.     Қ.Шілдебаев - «Қаракемер»

15.    Халық әні - «Алқоңыр»  Д.Мықтыбаевтың нұсқасы

16.    Абай - «Көзімнің қарасы» Д.Мықтыбаевтың нұсқасы

17.    А.Райымқұлова «Арал мұңы»

 

Фортепианоның сүйемелдеуімен:

1.    Н.Тілендиев - «Сарын»

2.    Ә.Қазақбаев - «Жаппас қобыз-домбыра»

3.    Е.Үсенов - «Өмірдастан»

4.    Е.Үсенов - «Күзгі әуен»

5.    Ә.Қазақбаев -  «Шабыт»

6.    Ә.Қазақбаев - «Тәттімбетке арнау»

7.    Н.Тілендиев - «Грезы»

8.    Халық әні - «Ақ баян»

9.    Рольф Ловланд - «Song From A Secret Garden»

10.    С.Рахманинов - «Вокализ»

11.    Ақан сері - «Маңмаңгер»

 

Эстрадалық нұсқа:

1.    Ықылас - «Жалғыз аяқ»

2.    Ықылас - «Қамбар батыр»

3.    Көзбен - «Сарын»

4.    Қорқыт - «Қобыз туралы сарын» 

5.    С.Рыспанбетов - «Алматы түні» соло

6.    С.Рыспанбетов - «Алматы түні» домбырашымен дуэт

7.    С.Рыспанбетов - «Шығыс аруы»

8.    С.Рыспанбетов - «Бақыт таңы»

9.    М.Арапбаева - «Ақеркем»

10.    С.Рыспанбетов - «Арман қала» 

11.    С.Рыспанбетов - «Music of the soul»

12.    Түрік классик әні - «Katip» 

13.    Б.Бимаханов - «Сүйемін»

14.    С.Рыспанбетов - «Азия әуені» скрипкашымен дуэт

 

Ішекті аспаптар квартетімен:

1.    Ықылас - «Қамбар батыр»

2.    Ә.Қазақбаев  - «Шабыт»

3.    С.Рахманинов - «Вокализ»

4.    Ә.Қазақбаев - «Жаппас қобыз-домбыра»

5.    Ықылас - «Кертолғау»

6.    Е.Үсенов - «Күзгі әуен»

7.    Н.Тілендиев-  «Сарын»

8.    Рольф Ловланд - «Song From A Secret Garden»

Поделиться в соц. сетях:

Видео