дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Айзат Қарабек – дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Жетісу ән мектебінің ұстазы, Қазақстанның халық әртісі Ержан Қосбармақовтың, жоғары білімін Арқа ән мектебінің ұстазы Айтбек Нығызбаевтың сыныбында тәмамдаған.
Білімі:
2007-2010 ж.ж. Ж. Елебеков ат. Республикалық эстрада-цирк колледжі «Халық шығармашылығы» бөлімі; 2014 ж. Қазақ Ұлттық Өнер Университеті «Дәстүрлі ән» бөлімі.
Шығармашылық жетістіктері:
2006 ж. РФ, Волгоград облысының эстрадалық әндерден балалардың «Маленькие звездочки» конкурсының дипломанты. 2007 ж. «Әлем Арт» жобасы аймақтық іріктеу сайысының жеңімпазы. 2008 ж. XI Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалі ІІІ орын. 2009 ж. «Алматы - жастар қаласы» фестивалінің «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша ІІІ орын. 2009 ж. Кенен Әзірбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған V Республикалық «Шырқа, дауысым!» конкурсы ІІІ орын. 2011 ж. «Ақаннан әуелеген әсем ән» конкурсы Бас жүлде. 2012 ж. Нартай Бекежанов атындағы конкурс ІІІ орын. 2013 ж. Естай Беркімбаев атындағы конкурс I орын.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз