X
Айгүл Елшібаева
Айгүл Елшібаева

Фото

Әртіс туралы

Айгүл Елшібаева – әнші, жыршы-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Білімі:

1994-1999 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында білім алған.           

2001 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген.

 

Шығармашылық жетістіктері:

1997 ж. – Батыс аймақтық конкурсының лауреаты

2000 ж. – Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты

2005 ж. – Кенен Әзірбаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты

2006 ж. – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

2013 ж. – «Атырау – асыл мекенім» атты Республикалық сазгерлер байқауында бас жүлде

Қазақтың дәстүрлі ән өнерін Франция, Израиль, Чехия, Англия сынды шет мемлекеттерде насихаттаған. Еліміздің түкпір-түкпірінде, сондай-ақ «Дала даусы», «Астанаға тарту», «Түркі әлемі» дәстүрлі музыкалық фестивальдерінде өнер көрсеткен. Қазақтың дәстүрлі 50 жыр-термесін нотаға түсіріп, «Қазақтың жыр мақамдары» зерттеу еңбегін жарыққа шығарған.

 

Поделиться в соц. сетях:

Видео