X
Әділжан Толықпаев
Әділжан Толықпаев

композитор, музыкант-мультиинструменталист, Saz&soul тобының көркемдік жетекшісі
 

Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

 

    Білімі:

Қазақ ұлттық өнер университеті,  «Композиция» мамандығы.

 

    Шығармашылық жетістіктері:

Әділжан Толықпаевтың «Япурай» фортепианалық пьесасы отандық пианистердің репертуарына еніп, республикалық және халықаралық байқауларда жиі орындалады. Бұған қоса, фортепианоға арналған пьесалар жинағын шығарған. Оның скрипкаға арналған пьесалары қазақстандық скрипка мектебінің хрестоматиясына енген. Белгілі композитор Игорь Крутойдың әндер жинағын құрастыруға, атап айтқанда бірнеше әннің фортепиано мен дауысқа, ішекті квартет пен скрипкаға арналған нұсқаларының жазылуына өз үлесін қосты. 2012 жылы композитор Шырын Базаркуловамен бірге «Елбасы жолы» фильмінің музыкасын жазды. Танымал әнші Батырхан Шукеновтың әндерінен дауыс пен фортепианоға арналған композициялардың нұсқаларын жазуға атсалысты.

 

Поделиться в соц. сетях: